Сайран көлін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Сайран көлін қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Менің тапсырмам бойынша ақпан айынан бастап «Сайран» көлінің түбін (ауданы – 50 га) механикалық тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар мамыр айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Көлдің түбін тазалағаннан кейін аумағын реконструкциялап, абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік сараптама осы айда шығады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарын тамыз айында бастап, 2024 жылдың III тоқсанында аяқтаймыз, – деді қала әкімі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Досаевтың Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғыны бағдаршамдарға қатысты ұсыныс айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Алдыңғы жаңалық
2GIS қазақшаланады
Өзгелердің жаңалығы