Сайран көлі жыл соңына дейін жаңарады

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала тұрғыны Сайран өзеніне реконструкция жасалмағанын атап өтті. 

Бір жыл бұрын Сайран өзеніне реконструкция жасалатыны айтылған еді. Бірақ әлі ештеңе басталмады. Себебі неде екенін білсе бола ма? - деді Алмалы ауданының тұрғыны.

Келісім 2023 жылдың соңында жасалды. Көл жағалауын нығайту бойынша жұмыстар басталды. 

Біз былтыр күзден бастап мерідегер компанияны анықтау бойынша конкурс өткіздік. Келісім 2023 жылдың соңында желтоқсан айында жасалды. Енді мердігер компанияның сапалы жұмысына үміттенеміз. Жыл соңына дейін жаңарған Сайранды көреміз деп сенемін - деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы