Сайрамда өзеннен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам АПБ-ға тұрғындардан жаңа туған нәрестенің мәйіті ағынды судан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады otyrar.kz.

Полиция дереу оқиға орнына жетті. Жақын маңдағы аумақты тексеріп, куәгерлермен сұхбат жүргізді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы