Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фототұзақтар арқылы алынған бірегей бейнелер қар барысының сирек кездесетін бұл түрінің ұлттық парк аумағында бар екенін растайды. Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысының болуы жабайы табиғатты сақтауға қолайлы жағдай жасалғанын және парк қызметкерлері жүргізіп жатқан табиғатты қорғау шараларының тиімділігін дәлелдейді, - деп көрсетті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Скрин
Өзгелердің жаңалығы