Сайрам-Өгем шатқалында өлі табылған 4 студенттің неден қаза тапқаны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінің аумағынан табылған төрт студенттің қазасына не себеп болғаны анықталды. Бұл туралы aibat__kz instagram парақшасында жазылды.
Түркістан облысының полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, сот-медициналық сараптама нәтижесі туристердің өкпесі мен тыныс жолдары суға толғанын көрсеткен, яғни жігіттер өзенге батып кеткен.
Қайғылы оқиғаның себептерін тергеу жалғасып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы