Сайрам ауданында 6 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылған
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысының Сайрам ауданында халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға тарту жөнінде жұмыстар жақсы жүргізілуде, деп жазады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«2018 жылы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 1 млрд 721,8 млн теңге қаржы жұмсалса, оның ішінде 889,9 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 16,8 млн теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді. Аудан бойынша аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедектер және ардагерлерге тиісті әлеуметтік көмектер өз деңгейінде көрсетіліп келеді», - дейді мамандар.
Ауданда нәтижелі жұмыспен қамтуды үйлестіру және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында өткен жылы 5791 адам жұмыспен қамтылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жан Кособуцкий тоғызыншы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады
Өзгелердің жаңалығы