“Сайқымазақ”: Ермұрат Бапи Бекболат Тілеуханға өткір жауап берді

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Бекболат Тілеуханды Назарбаевтың алдында концерт қойып, ән айтып жүрген сайқымазақ болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

Бекболат Тілеухан Қаңтар қырғыны болардан 10 күн бұрын депутаттық өкілеттілігін тапсырып, шетелге, Түркияға кетіп қалды. Неге? Жауап беріп көріңізші. Тып-тыныш жүрген адам. Парламентте отыр. Парламенттегі танымал тұлғалардың бірі. Аяқ астынан кетіп қалды. Мен сізге қойып отырған осы сұрақтың өзінен Бекболат Тілеуханға қатысты біраз жауап алуға болады. Қаңтарға қатысты, оның Қайрат Сатыбалдымен достығына қатысты. Сатыбалды екеуінің үйі қарама-қарсы тұр. Екеуі де бір-бір гектардан артық жерде жайғасқан керемет сарайлар. Қайрат Сатыбалдының көршісі неге басқа біреу болмайды? Неге мен, неге сен болмайсың? Неге бір әділетті жүрген бизнесмен болмайды. Ал міндетті түрде Тілеухан болады. Осы тұрғыдан келгенде көп дәлелдер келтіруге болады, - деді Мәжіліс депутаты.

Ермұрат Бапи Бекболат Тілеуханның “бітірген түгі жоқ” деген сөзіне де жауап берді.

Мен 2000 жылдардың басында Қазақгейтті, Назарбаевтың ұрлығын, клепрократиясын айтқан кезде Бекболат Тілеухан тұмсығын оның құйымшағының астына тығып жүрген жігіт болатын. Мен “Дат” газетімен бүкіл Қазақстандағы коррупция мен озбырлықтың бәрін жазып жүргенде Бекболат Тілеухан Назарбаевтың алдында ән айтып, концерт қойып жүрген сайқымазақтардың бірі болатын, - деді депутат.

Айта кетейік, қазір Түркияда тұрып жатқан Бекболаты Тілеухан мәжіліс депутаттарын сынап сұхбат берген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы