Сайлаушылардың жартысы дауыс бермесе не болады? - ОСК жауабы

Бұл сұраққа Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов жауауп берді , деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі қолданыстағы заңда бұл мәселе реттелмеген. Сондықтан ондай жағдай қалыптасса, қай кандидат елу пайыздан көп дауыс алады, сол жеңген болып есептеледі. Егер бірінші турда елу пайыздан көп дауыс жинаған кандидат болмаса, екінші тур өткізіледі. Ең көп жинаған екі адам жарысқа түседі. Кім көбірек дауыс алады, сол жеңген болып саналады, - дейді Шавхат Өтемісов.

Спикерлің айтуынша, сайлаушылардың басым бөлігінің дауыс бермеуі тәжірибеде ешқашан тіркелмеген.

Біз заң шығармаймыз. Бүгінгі таңда Парламент заңды осындай редакцияда қабылдаса, біз оны қолданыстағы заңнаманың талаптарын қатаң сақтай отырып орындауымыз керек. Ал сайлаушылардың дауысы неге ескерілмейді деген сұраққа келер болсақ, бұл азаматтардың өз еркі мен бюллетеньге енген кандидаттарға деген қарым-қатынасын білдіру мүмкіндігі.  2004 жылға дейін бюллетеньдерде мұндай тармақ болды. Десе де іс жүзінде мұндай жағдай еш жерде тіркелген жоқ. Осыны ескере отырып, заң шығрушылар да осы процесті реттемеген шығар. Егер осы сайлауда немесе алдағы сайлауларда осындай жағдай қалыптасса, әрине, заң шығарушылар мұны назарға алып, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізеді, - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы