16:00-дегі жағдай. Сайлаушылардың 52,5 пайызы дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафинаның айтуынша, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 52,5 пайызы дауыс берді. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 16-00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 52,5 пайызы алды. Олардың ішінде: Ақмола облысы – 56,9, Ақтөбеде облысы – 45,6, Алматы облысы – 58, Атырау облысы – 45,6, Батыс Қазақстан облысы – 53,5, Жамбыл облысы – 63,4, Қарағанды облысы – 58,8, Қостанай облысы – 62,4, Қызылорда облысы – 60,9, Маңғыстау облысы – 43,3, Павлодар облысы – 57,8, Солтүстік Қазақстан облысы – 62,4, Түркістан облысы – 53,6, Шығыс Қазақстан – 62, Нұр-Сұлтан қаласы – 44,1, Алматы қаласы – 25,3, Шымкент қаласы – 49,2 пайыз. Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 18:00 және 20:00-де ұсынылады. Сайлаушылардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22:00-де беріледі, - деді Сәбила Мұстафина.

Айта кетейік, Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия кандидаттары қатысып жатыр. Олар Nur Otan партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, ADAL саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және «Қазақстанның Халық партиясы».

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы