23 Тамыз 2026, 07:31 Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Елордадағы №129 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

Астанадағы №129 сайлау учаскесінде барлығы 2451 сайлаушы тіркелген. Дауыс беруге арналған 2476 бюллетень әзірленген.

Астана қаласындағы №129 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Учаскеде барлығы 2451 сайлаушы тіркелген. Дауыс беруге арналған 2476 бюллетень әзірленген.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Дауыс беру басталар алдында учаскеде заңнамада көзделген тиісті рәсімдер жүргізілді. Комиссия мүшелері дауыс беруге арналған жәшіктердің дайындығын тексеріп, белгіленген тәртіппен рәсімдеді.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Одан кейін сайлау комиссиясының мүшелері өз міндеттеріне кірісіп, учаске сайлаушыларды қабылдай бастады.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Дауыс беру барысын бақылау үшін учаскеде 11 байқаушы тіркелген. Олар сайлау процесінің өтуін бақылап отыр.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Қазір №129 сайлау учаскесінде дауыс беру қалыпты режимде өтіп жатыр.

Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов