Сайлауға тағы екі партияны тіркеу қарастырылып жатыр

Әділет министрлігінің мәліметінше тағы екі партияны тіркеу қарастырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы барысында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты. 

«Екі саяси партияға тиісті растау берілді, олар: «Ел тағдыры», «Ұрпақтар жалғастығы» партиялары. Ендігі келесі кезең – съезд өткізу. Сондықтан олардың жеделдігіне байланысты, егер 8 ақпанға дейін тіркеліп үлгерсе, тиісті шешім қабылданады», - деді Әділет вице-министрі.

Сондай-ақ 8 ақпанға дейін орталық сайлау комиссиясы мүшелері бүгінгі күні жеті партия тіркелгенін және  8 ақпанға дейін тағы да қосымша партиялар тіркелсе, олардың құжаттары заңға сәйкес келетін болса, олар да сайлауға қатыса алатынын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы