Сайлауға құқығы бар азаматтардың 14,21 пайызы дауыс беруге келді
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен 10:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады, - деп атап өтті ОСК мүшесі.
Сағат 10.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21 % бюллетеньдер алғаны белгілі болды.
Абай облысы бойынша – 15,13%;
Ақмола облысы – 15,61%;
Ақтөбе облысы – 12,44%;
Алматы облысы – 15,32%;
Атырау облысы – 12,94%;
Батыс Қазақстан облысы – 12,96%;
Жамбыл облысы – 16,54%;
Жетісу облысы – 15,93%;
Қарағанды облысы – 16,31%;
Қостанай облысы – 16,23%;
Қызылорда облысы – 12,64%;
Маңғыстау облысы – 12,36%;
Павлодар облысы – 16,49%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 15,93%;
Түркістан облысы – 15,92%;
Ұлытау облысы – 16,38%;
Шығыс Қазақстан облысы – 16,11%;
Астана қаласы – 13,58%;
Алматы қаласы – 8,51%;
Шымкент қаласы – 12,57%.
Жалпы сағат 10.00-дегі жағдай бойынша республиканың 1 710 381 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 14,21 пайызын құрады, - деді Шавхат Өтемісов.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы әр екі сағат сайын өңірлер бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы жаңарған ақпараттарды ұсынып, баспасөз мәслихатын өткізуде.