Сайлауға қатысатын партиялардың аяқ алысы қалай? Саясаттанушы пікірі

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев саяси партиялардың сайлауға дайындық барысы туралы Facebook-та пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сайлау алдындағы жағдай ерекше дамып келеді. Халық партияларға немқұрайлы қарайды. Бұл көбіне мәслихат депутаттарының сайлаушыларға мүлде көрінбеуі, Мәжілістің қоғам санасында заңдармен емес, көкейтесті мәселелерге арналған сөздерімен есте қалғанымен байланысты. Мұнда жағдайдың өзіндік ерекшелігі бар. Экономика жөніндегі фракцияның бас спикері Аманжан Жамалов Мәжілістің жаңа шақырылымына қатыспайтынына қарамастан, Amanat партиясының бірқатар депутаттарын сайлаушылар жақсы біледі. «Ескі Қазақстандағы» «кәсіби балуандар» ынта мен сенім ұялата қоймайды. Бұрынғы спикер Ерлан Қошановты халық жақсы біледі, - деді саясаттанушы.

Данияр Әшімбаев Amanat партиясының Парламент Мәжілісі сайлауындағы қарымына баға берді.

Amanat партиясының мәселесі, біріншіден, брендтің жаңа болуында. Екіншіден, фракцияның танымал емес үкіметке қатысты дұрыс болуға тырысуы. Партияда бір ғана адам – бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетов қоғамда беделге ие болды. Оның партияға келуі сайлау алдында партияны шын мәнінде нығайта түскенін айта кету керек. Брендке келер болсақ, ол насихатталып, танылып келеді. Бірақ Amanat «Тоқаевтың партиясы» деген терминді қолдана алмайды, ал бұрынғы «Нұр Отанға» сілтеме жасау кері әсерін тигізуі мүмкін, - деді саясаттанушы.

Оның сөзінше, «Ақ жолдың» азды-көпті тұрақты электораты бар. Оның жетекшісі Азат Перуашев пен басқа да депутаттар жақсы таныс. 

Жаңадан келгендер сайлаушыларды ығыстырып шығару үшін өз шабуылдарының нысанасы ретінде осы партияны таңдайтыны анық. Сонымен қатар, Азат Перуашев мықты айтыскер және дауласуға дайын. Ал Қазақстан коммунистік партиясының сайлаушылары фракцияға тәуелді еді. Ермұхамед Ертісбаевтің қызметіне байланысты дау-дамайлар атқарылған жұмыстарды іс жүзінде сызып тастады. Бір жағынан, Айқын Қоңыров пен Ирина Смирнова тізімде қалды. Екінші жағынан, Ертісбаевпен бірге басқалар да келді, - деді ол.

Данияр Әшімбаев «Ауыл» және ЖСДП партияларына қатысты да ойын айтты. 

Дәстүрлі аутсайдер «Ауыл» партиясында ауылдық жерлерде тұратын (және олар үшін ешқашан дауыс бермейтін) халықтың шамамен 40%-ы және мүлдем президенттікке кандидат болған Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден секілді көшбасшылары бар. ЖСДП туралы айту қиын, өйткені партиядағы басқаларға қарағанда танымал жалғыз адам ол – партия төрағасының орынбасары Айдар Әлібаев, - деді саясаттанушы.

Саясаттанушы Парламент Мәжілісінің сайлауына алғаш рет қатысқалы отырған Respublica мен «Байтақ» партияларының аяқ алысына баға берді.

Жаңадан қосылған Respublica мен «Байтақ» партияларының тізімі өте эклектикалық. Тұрақты актив, айқын идеология мен танымалдылық құбылыс ретінде жоқ, бірақ үгіт-насихат айы кезінде жандана түседі. Мұнда перспективалар өте үлкен болуы мүмкін, бірақ олар танымалдылығы мен мүмкіндіктерін әлеуметтік желілер арқылы өлшейтіндей әсер қалдырады. Жаңашылдық пен жоғарыдан нақты саяси қолдаудың әсері оларды жоққа шығармағанымен, нақты мүмкіндіктерін бағалау қиын. Жергілікті биліктің бірнеше партияға көмектесуі екіталай екенін және мәслихаттар сайлауына жұмылатынын түсіну керек. Бұл факторды бағаламауға болмайды, - деді Данияр Әшімбаев.

Ол сайлау бюллетеньдерінің көптігі мен бәсекелестіктің арқасында алдағы уақытта Мәжіліс пен мәслихат сайлауын уақыт бойынша бөлген дұрыс деп есептейді. Неге десеңіз, дауыстарды санау процесі біркелкі болмайды. 

Көптеген сот процестері мен дау-дамайларды, болашақ бір мандат иелерінің легитимділігінің төмендігі туралы айыптауларды болжауға болады, өйткені сайлауда кейбірі 15-20% дауыспен жеңе алады. Екінші жағынан, бұл сайлау арқылы партиялық және сайлау жүйесі сынақтан өтуі керек. Жүйе үшін бұл жағымсыздау болғанымен, тәуелсіз және сын көзбен қарайтын депутаттардың едәуір бөлігінің парламент пен мәслихатқа түсуіне өте пайдалы болмақ. Көбінесе партиялар сайлаушылар парламенттен көргісі келетіндерге емес, түрлі себептермен ол жаққа барғысы келетіндерге бәс тігеді. 2023 жылғы сайлау барлығына сабақ болатын шығар, - деп түйіндеді саясаттанушы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Фото: Данияр Әшімбаевтің Facebook парақшасынан
Өзгелердің жаңалығы