Сайлауға қоғамдық мониторинг жүргізіледі
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. «Аманат» азаматтық платформасының Атырау қаласындағы штабы сәуір айынан бастап жұмыс жасап келеді. Штаб құрамында 20-ға жуық мобильдік капитан қызмет көрсетеді. Облыс бойынша бекітілген 262 сайлау учаскесінің әрқайсысына тәуелсіз бақылаушы дайындау жоспарлануда.
Платформа 5 бағытта, атап айтқанда, алдағы сайлау науқанына дайындық жұмыстарын нығайту, сайлаушыларды сайлаудың заңдық рәсімдері, кезеңдері мен мерзімдері туралы хабардар ету, тәуелсіз бақылау желісін құру, қоғамда сайлау бойынша объективті ақпарат пен пікір алмасу секілді міндеттер жүктелген. Аталған міндеттерді түрлі қоғамдық топ өкілдері мен белсенді азаматтардан құралған топ жүзеге асырады.«Ең маңыздысы сайлау процесін бұзуға болмайды. Біздің мақсатымыз заңбұзушылық болатын болса оны республикалық “Аманат" штабына беру, одан кейін егер де қателік болатын болса құзырлы органдарға хабарлап айту. Барлығын республикалық штаб шешеді», - дейді Атырау облысы бойынша «Аманат» азаматтық платформасының өкілі Дәурен Сейітқалиев.
Сондай-ақ, азаматтық платформада арнайы мобильдік капитандар қызмет атқарады. Олардың басты міндеті, әр сайлау учаскесіне тәуелсіз бақылаушы дайындау. Осы мақсатта «Аманат» азаматтық платформасының мобильдік капитаны Арман Ешмұратов жастармен кездесіп, арнайы тренинг өткізді.
«Бүгінгі кездесуден кейін жастарымыздың қызығушылығын оятып, оларды да сайлау науқанына бақылаушы ретінде қатысуға шақырсақ дейміз. Бақылау арқылы олар қоғам үшін не маңызды екенін түсінеді, сонымен қатар өздерінің азаматтық пікірлерін де білдіре алады», - дейді«Аманат» азаматтық платформасының мобильдік капитаны Арман Ешмұратов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тілшілер жаңадан құрылған туристік полицияның жұмысымен танысты
Келесі жаңалық
Абай облысындағы жарылыс: Мектеп қазандығы жаңартылды
Өзгелердің жаңалығы