Сайлауға байланысты Жоғарғы Сотқа 13 шағым түсті - Урсула Гачек
Бұл туралы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының сайлауды бақылау миссиясының жетекшісі Урсула Гачек ЕҚЫҰ бақылаушылары өткізген баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, Сайлау туралы заң және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті сайлауға байланысты дауларды шешудің ақылға қонымды мерзімдерін белгілейді.
Соңғы жылдары әділет секторында сайлауға байланысты шағымдарды сайлау органдарына, құқық қорғау органдарына және соттарға беру үшін онлайн-портал құрылып, цифрландыру бойынша айтарлықтай бастамалар енгізілді. ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясы барлық сұхбаттасушылары бұл шағым беру рәсімін едәуір жеңілдетіп, мемлекеттік органдардың жауап беру жылдамдығын арттырды, - деді бақылау миссиясының жетекшісі.
Сонымен қатар ол сұхбаттасушылар нені түсінбей қалуы мүмкіндігін айтты.
Көптеген сұхбаттасушы кейде биліктің, соның ішінде Орталық сайлау комиссиясының жауаптары нормативтік-құқықтық базаның ережелерін олардың қарастырып отырған мәселелерге қатысты қалай қолданылатынын түсінбей қалып жатады. ОСК шағымдар мен басқа хабарламалардың дерекқорын жүргізсе де, бұл ақпарат көпшілікке қолжетімді емес, - деді Урсула Гачек.
Сондай-ақ халықаралық бақылаушы осы жолғы кезектен тыс президент сайлауына құқық қорғау органына қанша шағым түскеніне тоқталды.
Осы сайлауға байланысты Жоғарғы Сотқа 13 шағым түсті. Соның ішінде кандидаттарды тіркеуге қатысты істер бойынша Орталық сайлау комиссиясының барлық шешімдері өз күшінде қалды, - деді ол.