Сайлауға байланысты ОСК-ға 104 өтініш келіп түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлау жөніндегі науқан барысына қатысты келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қатысты отырыс өткізді.

ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаевтың айтуынша, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мазмұны мен барысы бұған дейінгі төрт отырыста (кандидаттарды ұсыну кезеңінің қорытындысы, партиялық тізімдерді тіркеу, сайлау алдындағы үгіт кезеңінде және үгіт кезеңінің аяқталу қорытындылары бойынша) қаралған. 

Сайлау жарияланған кезден яғни,  21 қазаннан бүгінгі күнге дейін Орталық сайлау комиссиясына 104 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 46 – жеке тұлғалардан, 36 – заңды тұлғалардан, сондай-ақ 22 – бұқаралық ақпарат құралдарынан. Көтерілген мәселелердің 63,4% (66) – сайлау заңнамасын түсіндіру туралы, 13,5% (14) сайлау процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру туралы болды. Сондай-ақ 4,8% (5) – ұсыныстар, 4,8% - (5) өтініштер, 13,5% - (14) – өзге де мәселелер, - дейді Ерлан Дауылбаев.

Оның айтуынша, көрсетілген кезеңде келіп түскен 104 өтініштің 81-іне ОСК аппараты өтініш берушілерге белгіленген мерзімдерде толық жауаптар берген. 12-сі Ортсайлауком құзыретіне кірмейтін ретінде заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға қайта жіберілсе, 6-ы заңнамаға сәйкес қараусыз қалдырылыпты.

Олардың ішінде 4 азаматтың өтініші бар. Өйткені оларда мәселенің мәні баяндалмаған, сондай-ақ жаңа дәлелдер келтірілмеген екі қайталама өтініш. 5 өтініш қаралып жатыр. Орындалмай қалған өтініштер жоқ.

Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен өтініштерді талдау негізінде үштен екісі немесе 68% сайлау саласындағы заңнаманың әртүрлі аспектілерін түсіндіруге қатысты екенін көрсетеді,- дейді ОСК мүшесі.

Е.Дауылбаев өз баяндамасында Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың және сайлау процесіне басқа да қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстың маңыздылығын сезіне отырып, 2020 жылғы 26 қарашада өтініштерді қарау барысы және сайлау заңнамасын түсіндіру тәртібі туралы Қаулы қабылдағанын атап өтті.

Орталық сайлау комиссиясы өкілеттілігі шеңберінде басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп түсіндіру жұмысын ұйымдастыру бойынша шаралар жүйесін құрды, ақпараттық-түсіндіру материалдары кешенін әзірледі (бейне-, аудиорликтер, плакаттар, әдістемелік және басқа да материалдар). Олар бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлерінде кеңінен орналастырылды.

Сонымен қатар Ортсайлауком қаулысына сәйкес ЖАО-мен бірлесіп, уақытша тіркелген азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу тәртібі туралы азаматтарға кеңінен ақпарат беру, соның ішінде онлайн-сервистер мен Call-орталықтар арқылы ақпарат беру ұйымдастырылды,- дейді ол.

Республиканың барлық өңірлерінде сайлау науқаны басталған кезден бастап 187 Call-орталық жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы органдардың Call-орталықтары мен онлайн-сервистеріне азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу және олардың мәртебесін нақтылау, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы байланыс ақпаратын беру мәселелері бойынша, сайлау процесі мен сайлау қызметінің өзге де мәселелері бойынша 381,5 мыңнан астам өтініш түскен.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы