Сайлауға 72,4 миллион доллар бөлінген

Сайлауда әртүрлі деңгейдегі комиссия өкілдерінен 86,5 мыңдай адам жұмыс істейді. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл - Парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті өкілетті органдардардың сегізінші сайлауы. Оның жетеуі біріктіріліп, бір ғана науқан бөлек жүргізілді. Комиссияның төрт деңгейі: Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық комиссиялар, округтік және учаскелік комиссиялар. Сайлау жүйесінде әртүрлі деңгейдегі комиссияларда бүкілі 86,5 мың адам жұмыс істейді, - деді Константин Петров.

Петровтың түсіндіруінше,  науқанда басталғалы үміткерге өзін ұсынуға 20 күн, кандидаттарды тіркеуге 30 күн берілді. Сайлау уақыты жақындағанда 18 наурыз тыныштық, ал 19 - дауыс беру күні қарастырылған. Нәтижесін анықтауға 10 күн уақыт бар.

Мәжілістің 98 депутаты, оның 69-ы партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтерден сайланады. Сайлау науқанына  72,4 миллион доллар бөлінді. Мәслихат депутаттарына келетін болсақ, бізде жергілікті өкілді органдар депутаттарының жалпы саны 3415 мандаты бар. Мәжілістің депутаттық мандаты үшін бәсекеге жеті саяси партия қатысып жатыр. Бір мандатты 29 сайлау округі бойынша 609 үміткер ұсынылды, - деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясның орынбасары.

Елімізде мәжіліске партиялық тізім бойынша 7 саяси партиядан 281 кандидат тіркелді. Оның ішінде 38,1 пайызы– жастар, әйелдер және мүгедектігі бар азаматтар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы