Саясаттанушы: Сайлаудың қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде таза өтуі маңызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Nur Otan праймеризіне үміткерлерді тіркеу аяқталып, қорытындысы шығарылды. Мәслихат және Парламент Мәжілісіне өз кандидаттарын ұсыну үшін партияішілік іріктеудің мұндай жүйесі елімізде алғаш рет енгізілуде. 

Бірақ қазірдің өзінде халықаралық сарапшылар «бұл демократияға апаратын жол» дейді.

Белгілі болғандай, праймериздердің қорытындысы бойынша 10 990 адам тіркелген, оның 7900 – өзін-өзі ұсынушылар. Республикалық маңызы бар қалалар – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент тұрғындары партиялық тізім бойынша үміткерлердің көш бастап тұрғаны таңғаларлық емес. 

Алматыдағы кандидаттардың орташа жасы – 42 жас; 36%-ы  әйелдер, 29%-ы жастар. Партия ішіндегі іріктеу жеңімпаздары Мәжіліс пен барлық деңгейдегі Мәслихаттың партиялық тізіміне енгізіледі. Бұл бес мыңнан астам адам. Іріктеуден өтпеген, бірақ жақсы қолдау тапқан үміткерлер партияның жаңа кадрлық резервіне енеді, – дейді Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров.

Дүниежүзі бойынша праймериз негізгі сайлауға ең мықты және танымал кандидаттарды ұсыну үшін өткізіледі. Яғни, депутаттықтан үміткер кандидаттар бір-бірімен негізгі сайлауда бәстеспей, партия ішінде күш сынасып, сонда таңдау жасалады. Дамыған және демократиялық жүйесі қалыптасқан елдерде алдын ала партиялық сайлау маңызды әрі қызықты саяси оқиғаларының біріне айналады. Праймериздің майталманы саналатын әлемдегі ең жарқын мемлекеттердің бірі – Америка Құрама Штаттары. 

АҚШ Конгресмені, Jenkins Hill International Бас директоры - Curtis Weldon праймериз жүйесі Қазақстанға ашық әрі демократиялық мемлекет болуға көмектесуі тиіс деп есептейді.

Nur Otan партиясының праймериз өткізуі – тосын емес. Тіпті, дауыс беру онлайн режимінде өтетіні де. Бұл ашықтық пен демократия бағытындағы жақсы қадам, – дейді Конгресмен. 

Оның айтуынша, ең бастысы – Қазақстан Қытайдағыдай жағдайға келмегені жөн. Өйткені онда жалғыз партия бәрін біледі, бәрін шешеді.

Қазақстанның праймеризіне кез келген адам қатыса алады. Осы факттің өзі үлкен мүмкіндік. Мен Қазақстанда он рет болдым, әр жолы жақсы әсермен ораламын. Адамдарды түсінудің, олардың мұң-мұқтажын, сезімдерін білудің маңызды екенін саясаткерлерге жиі айтамын. Қазақстандықтар өте еңбекқор халық. Қазақстан басқа елдерге үлгі бола алады. Менің ойымша, Қазақстан азаматтары жігерлі, жан-жақты. Бұл кімге болса да үлгі. Мен сіздерді болашақ уақыт көшбасшылары ретінде көремін, – дейді Конгресмен.
Саясаттанушы, Рһ.D саясаттанушысы, «Locke Lord Strategies» аға кеңесшісі, USA Mark A. Siegel International Public Strategies орталығының президенті жалпы «сайлау қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де» демократиялы түрде болуы маңызды екенін атап өтті.
Бір қызығы, Қазақстан жастарға баса назар аударуда. Мұнда олар саяси үдеріске жастарды араластырып, көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастырғысы келеді. Жас көшбасшылар алдындағы буынға қарағанда, өздерін демократиялық құндылықтар мен демократиялық рәсімдерге көбірек арнағаны өте жақсы, – деді ол.
Қызылорда облысының дәрігері Махмуд Есендельдиев бұған дейін саясатқа еш қатысы болмағанын айтты.
Мамандығым – дәрігер. Бұған дейін саясатқа еш қатысым жоқ болды. Білім алдық, дәрігер болдық, Ауған соғысын көрдік. Келгеннен кейін ауыл-аймақтағы медицина жағдайын көріп, жақсартуға қолдан келгенше үлес қосқым келді. Содан Махамбет ауылынан, кейіннен Тасбөгет кентінен клиника, дәріхана аштық. Өткенде ғана болған коронавирустың ушыққан кезінде халықтың жағдайы қиын болды. Осының барлығын көріп, мен де праймеризке қатысуға бел будым. Азамат атымыз бар. Туған елімізді көркейтуге өзіміз ат салыспасақ, біреу келіп, істеп береді деу қиялмен тең. Партияға үлкен сенім артып отырмын. Маңдай тер, қара еңбекпен келеміз ғой. Сондықтан осындай ашықтық пен жариялылыққа сүйенген мына партияішілік сайлау тек партиялықтар, халыққа ғана емес, мен үшін де тың болайын деп тұр, - дейді Қызылорда облысының дәрігері Махмуд Есендельдиев. 

Қазақстандық саясаттанушы Мұрат Әбенов праймериз біздің еліміз үшін, әсіресе, осы саяси маусымда өте өзекті екеніне сенімді. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалардың басталғаны туралы жариялап, Парламент рөлін күшейтіп, Мәжіліс депутаттарының рөлін арттыруды ерекше атап өткенін еске салды. Парламентшілер азаматтардың проблемаларын көтеріп, қоғамдық-саяси мәселелерді талқылау алаңына айналуы тиіс. Алғашқы қадамдар өткен жылы, заңнамаға жастар мен әйелдердің кемінде 30%-ын сайлау тізіміне міндетті түрде енгізу бойынша өзгерістер енгізілген кезде жасалды. Ал Nur Otan бұл үдеріске бірінші болып қосылды.

Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам кандидат бастауыш ұйымдардан тіркелді, олардың үштен бірі – өзін-өзі ұсынғандар. Бұл Nur Otan партиясының өз атынан сайлауға қатысқысы келетін жаңа тұлғаларды, жаңа белсенді азаматтарды тарта алғанын білдіреді. Сондай-ақ, бұл - өте жақсы мүмкіндік. Ендігі мұның бәрін әділ өткізу және саяси партияны неғұрлым күшті ұсынуға мүмкіндік беру. Партияның төменнен бастап отырған реформасы өз нәтижесін береді. Мен бұған сенімдімін. Егер праймериздерді тиімді және ашық өткізу мүмкін болса, онда қоғам осы саяси құралға деген сенімін жоғалтпайды, – деп сенімін білдірді саясаткер, қоғам белсендісі Мұрат Әбенов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы