Сайлауда Президентке лайықты қарсыластар болады – Перуашев

Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Президент сайлауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа лайықты қарсыластар болады, - деді ол. 

Оның айтуынша, партия сайлауға қатысуға дайын. Бірақ оған кімдер қатысатынын анықтау керек.

«Ақ жол» партиясы сайлауға қашан да дайын. Біз сайлаушылардың алдында мінтетімізді толық орындап отырмыз. Бұл оңай емес. Себебі, партияның мүшелері парламентте аз. Бүгінде тек 12 депутатымыз бар. Осыған қарамастан біз жұмыс істеп жатырмыз. Президент сайлауына қатысу мәселесін тек партияның құрылтайы шешеді. Әрине, оны талқылауға міндеттіміз, - деді депутат Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң.

Сондай-ақ журналистер депутатқа «Қасым-Жомарт Тоқаевқа лайықты қарсыластар бола ма?» деп сұрақ қойды.

Менің ойымша, болады. Себебі, біз еркін елде тұрамыз. Дамудың демократиялық жолын таңдап алдық. Сайлау баламалы түрде өтеді. Сайлауда лайықты кандитаттар болады, - деді «Ақ жол» партиясының төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы