Сайлауда 22 мыңдай бақылаушы жұмыс істеді

Бұл туралы Партиялық емес байқау орталығы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Күнәділов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, кеше елімізде өткен кезектен тыс президент сайлауында бір сайлау учаскесінде бестен онға дейін бақылаушы жұмыс істеген.

Кешегі кезектен тыс президент сайлауына 22 мыңға жуық байқаушымыз қатысқан болатын. Ел өңірлеріндегі барлық сайлау учаскелерін қамтыдық. Біздің байқаушыларымыз таңғы сағат 6-дан бастап учаскелерде тіркеуден өтіп, өз жұмыстарын бастады Сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмысына байланысты учаскеден сайлаушыларға жабдықтар бойынша ешқандай шағым түскен жоқ, - деп атап қоғамдық бірлестік төрағасы.

Сондай-ақ ол саяси оқиғада белсенділердің қызу жұмыс істегенін алға тартты.

Орталықтан байқаушыларымызды Астанадағы 304 ашық учаскеге жібердік. Байқаушылар ауқымды жұмыс атқарды деп айта аламын. Сондай-ақ халықаралық бақылаушылармен де өзара байланыс орнаттық.1230-дан астам байқаушымыз үй-жайдан тыс дауыс беруге қатысты. Орталық сайлау комиссиясы нақты санын ұсына жатар. Бірақ қолда бар мәліметке сәйкес, сайлау науқанында 100 мыңнан артық бақылаушы жұмылдырылды, - деді Төлеген Күнәділов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы