Сайлауалды соңғы дебат өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Хабар» арнасында тікелей эфирінде Мәжіліс сайлауына қатысушы партиялар арасында теледебат өтті.

Оған ADAL саяси партиясынан – партияның саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан – партия төрағасы Азат Перуашев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан – партия төрағасы Әли Бектаев, «Қазақстанның халық партиясынан» – партия төрағасы Айқын Қоңыров, Nur Otan партиясынан – партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты.

Орталық сайлау комиссиясы бекіткен регламент бойынша теледебат үш кезеңді қамтыды. Бірінші раундта 1,5 минут берілді. Қатысушылар елдің экономикалық дамуы туралы айтты. Сонымен қатар бес спикер бір-біріне сұрақ-жауап алмасты. Әрқайсысына 2 сұрақ қою мүмкіндігі берілді. 

Екінші раундта  халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту туралы ұсыныс пікірлерін айтты. Одан бөлек, бұл кезеңде партия басшылары тележүргізушінің сұрақтарына жауап берді. 

Үшінші раундта спикерлер сайлаушыларына арнап сөз сөйлеп, халықты өз партияларына дауыс беруге шақырды.

Еске сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы