Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған – ШЫҰ бас хатшысы

Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Ми Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатқаны белгілі. Мен үшін ШЫҰ атынан байқаушы ретінде елдеріңізге келу мен үшін үлкен мәртебе. Біздің миссиямыздың 18 мүшесі аккредиттелген. Олардың жетеуі ШЫҰ мемлекеттері атынан қатысып отыр. Біз төрт топқа бөлініп, 21 сайлау учаскесіне бардық. Ол Астананың барлық 4 ауданында орналасқан. Сонымен қатар Ақмола облысындағы 5 аудандағы учаскелерге бардық, - деп атап өтті ұйымның бас хатшысы.

Сондай-ақ ол сайлау процесінен алған әсерімен бөлісті.

Жалпы алғанда, дайындық жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз жергілікті учаскелердегі комиссия төрағалары, мүшелері және байқаушыларымен, дауыс берушілермен сөйлестік. Тілдескен азаматтардың барлығы ашық, белсенді. Аралаған учаскелердің барлығында байқаушылар мен дауыс берушілерге: «Ереже бұзған сәттер болды ма?» деген сұрақ қойдым. «Жоқ» деген жауап алдым. Екінші әсерім, барлық комиссия мүшелері мен қызметкерлер заңға сәйкес жұмыс істеп жатыр, - деді Чжан Ми.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы