Сайлау. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ОСК-ға құжат тапсырды
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ОСК-ға құжат тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құжаттар ОСК-ға «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 87-бабында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы барлық тиісті құжатты Орталық сайлау комиссиясына ұсынды.
Мынадай құжаттар екі тілде ұсынылды:
- саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
- саяси партияның Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
- партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
- партиялық тізім (электронды және қағаз түрінде);
- азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;
- тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері;
- партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері және т.б.
Кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына партия атынан бәсекеге партияның 19 өкілі кіреді. Ал бірмандатты округтен 6 адам қатысады. Бұл Атырау, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары.