Сайлау: Зеленский аяқ асты шешім қабылдауы мүмкін бе

Украина көшбасшысы Владимир Зеленский елде қашан президент сайлауы болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Киевте өткен баспасөз конференциясында ол баршаны толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Украина президентін сайлау әскери жағдай алынған соң өтеді, - деді ол.

Украиналық көшбасшы АҚШ президенті Дональд Трамп соғыстың "ыстық нүктесін" 2025 жылы аяқтауға тырысуда деп атап өтті.

Бұл олардың (АҚШ-тың – ред.) мақсаты, - деді Зеленский.

Айтуынша, Зеленский өзін "диктатор" деп атаған америкалық президентке өкпесі жоқ.

Өзі диктатор адам ғана "диктатор" деген сөзге ренжиді, - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ Зеленский бейбіт келіссөзге қатысушы елдердің қатарына Украина, Еуропа, АҚШ пен Ресей кіруі тиіс деп санайтынын жасырмады.

Еске салайық, бұған дейін Зеленский қай кезде отставкаға кететінін айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы