Сайлау заңнамасындағы өзгерістерді кім ұсынатыны анықталды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі пленарлық отырыста “Қазақстан Республикасының “Сайлау туралы” конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” конституциялық заң жобасы бойынша Парламент Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Комиссия ұсынылған өзгерістерді жан-жақты пысықтап, олар бойынша кейін Парламенттің екі Палатасында қарау үшін ұсынымдар әзірлейтін болады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша комиссия құрамына депутаттар Марат Башимов, Мұрат Ергешбаев, Снежанна Имашева және Үнзила Шапақ кірді.

Бірлескен комиссияны құру туралы шешім заң жобасын кешенді түрде қарау және ұсынылған түзетулерді Парламент Палаталары арасында келісу мақсатында қабылданды.

Бұған дейін депутаттар Алатау қаласына ерекше мәртебе беретін заңды қарастырған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы