Сайлау учаскесіндегі ертегі кейіпкерлері

Оңтүстік астанада сайлаушыларды ертегі әлемінің кейіпкерлері қарсы алып, көңілдерін сергітті. Сайлаушылар, комиссия мүшелеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Сайлау участігінің кіре берісінде тазша бала, қошқар, қазақ батырлары, панда т.б. қуыршақтар өнер көрсетіп, қазақтың ұлттық әндерінен шашу шашты. 

«Мен сайлауға келдім, өз таңдауымды жасадым. Дауыс беруге келгендердің көңіл-күйін көтеріп жүрмін. Сіздер де дауыс беріңіздер! Сайлау әділ өтсін деп тілеймін», - деді қуыршақ театрының актеры Алияр Нұрәділов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы