Сайлау 2021: Өзіңізді сайлаушылар тізімінен қалай тексеруге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтетіні белгілі. Осы орайда дауыс беру құқығы бар көптеген азамат өзінің сайлау учаскесінің қайда екенін білмей жататыны да бар. Ал оны анықтау жолы өте қарапайым, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Еліміздің барлық өңірлерінде сайлаушылардың тізімін әзірлеуге жауапты жергілікті әкімдіктер ресми сайттарына арнайы баннер орналастырып, Call-орталықтар, Telegram-боттар жасақтап қойған. Сол ресурстарға кіру арқылы кез келген азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесін анықтай алады. Ал уақытша тұрып жатқан азаматтар 10 желтоқсанға дейінгі жергілікті әкімдіктерге барып, дауыс беру үшін тіркеуден өтуі қажет.

Нұр-Сұлтан 

Елорда әкімдігінің ресми сайтында «Өз сайлау учаскеңді тап» деген атаумен арнайы баннер орналастырылған. Аталған баннерге өту арқылы ЖСН немесе аты-жөніңізді жазу арқылы қай сайлау учаскесіне тіркелгеніңізді білуге болады. Мұнан бөлек, iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына тәуліктің кез келген уақытында хабарлассаңыз, сайлау учаскеңізді айтып береді. Сонымен қатар Smart Astana мобильді қосымшасы мен smartastana_bot Telegram-бот та жұмыс істеп тұр. 

Алматы 

Еліміздің оңтүстік астанасы саналатын Алматы қаласының сайлаушылары үшін сайт мен sailau_almaty Telegram-бот әзірленген. OpenAlmaty онлайн-қызметі де сізге өз учаскеңізді табуға көмектесе алады. 

Шымкент 

Ал Шымкент қаласының тұрғындары дауыс беретін учаскелерін 109 нөмірі бойынша iKomek байланыс орталығы арқылы анықтайды. Мұнан бөлек, қаладағы төрт ауданда Call-орталықтар құрылған. 

Абай ауданы 8 (7252) 39-02-00 

Әл-Фараби ауданы 8 (7252) 39-02-01 

Еңбекші ауданы 8 (7252) 39-01-96 

Қаратау ауданы 8 (7252) 77-46-06; 77-56-27 

Ақмола облысы 

Ақмола облысының әкімдігі жергілікті сайлаушылар өздерінің дауыс беретін учаскелерін анықтайтын арнайы сайт әзірлеген. Сонымен қатар өңірдегі барлық қалалар мен аудан орталықтарында мынадай Call-орталықтар жұмыс істейді: 

Көкшетау қаласы 8 (7162) 297805; 297891; 297821; 297865 

Степногорск қаласы 8(71645) 68800 

Ақкөл ауданы 8 (71638) 20631 

Аршалы ауданы 8 (71644) 51010 

Астрахан ауданы 8 (71641) 22822 

Атбасар ауданы 8 (71643) 24306 

Біржан сал 8 (71639) 21241 

Бұланды ауданы 8 (71646) 21245 8 (71646) 23618 

Бурабай ауданы 8 (71636)45536 8 (71636)45596 

Егіндікөл ауданы 8 (71642) 21719 

Ерейментау ауданы 8 (71633) 23176 

Есіл ауданы 8 (71647) 21041 

Жақсы ауданы 8 (71635) 31051 

Жарқайың ауданы 8 (71648) 91290 8 (71648) 91347 

Зеренді ауданы 8 (71632) 22461 

Қорғалжың ауданы 8 (71637) 22018 

Сандықтау ауданы 8 (7140) 91739 

Целиноград ауданы 109, 8 (71651) 30772; 30773; 8 707 563 0109 

Шортанды ауданы 8 (71631) 21421 

Ақтөбе облысы 

Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында ЖСН теру арқылы сайлау учаскеңізді анықтауға болатын қосымша әзірленген

Алматы облысы Жетісу тұрғындары үшін де сайлау учаскесін анықтауға арналған сайт жұмыс істеп тұр. Мұнан бөлек қалалар мен аудан орталығында сайлау науқанына орай дайындалған Call-орталықтарға хабарласуға мүмкіндік бар. 

Ақсу ауданы 8 (72832) 22117 

Алакөл ауданы 8 (72833) 21507; 21454 

Балқаш ауданы 8 (72773) 95421; 91742 

Еңбекшіқазақ ауданы 8 (72775) 72371; 72143; 72863 

Ескелді ауданы 8 (72836) 30338; 30900 

Жамбыл ауданы 8 (72770) 22340; 31249; 22858 

Іле ауданы 8 (72752) 20892; 21877; 30584; 70666; 71026; 50598; 48763; 41242; 46394; 77380; 24590 

Қарасай ауданы 8 (72771) 29981; 22283 

Қаратал ауданы 8 (72834) 21962 

Кеген ауданы 8 (72777) 21560 

Кербұлақ ауданы 8 (72840) 31670 

Көксу ауданы 8 (72838) 20364; 20612; 20068; 20109 

Панфилов ауданы 8(72831) 53664; 52230; 47794; 37746 

Райымбек ауданы 8 /72779/ 21994 

Сарқан ауданы 8 (72839) 22969; 21431 

Талғар ауданы 8 (72774) 21284; 8 (727) 2956730 

Ұйғыр ауданы 8 (7277) 821739; 822062 

Қапшағай қаласы 8 (72772) 40790 

Талдықорған қаласы 8 (7282) 247325; 247354 

Текелі қаласы 8 (72835) 79114.

Атырау облысы 

Бұл өңірде де сайлау учаскесін анықтауға арналған сайт жұмыс істейді. Мұнан бөлек, кезекті сайлау науқаны кезеңінде Атырау қаласы және аудандар әкімдіктері жанынан Call-орталықтар ұйымдастырылған. Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін орталыққа хабарласу арқылы сайлау учаскесінің мекенжайын анықтап, тізімде бар-жоғыңызды біле аласыз. Telegram әлеуметтік желісінде @SailauAtyrauBot бот қызметі де іске қосылған. 

Атырау қаласы мен өңірге кіретін аудандардың Call-орталықтарының телефон нөмірлері мынылар: 

Атырау 8(7122)320233; 205375 

Жылыой ауданы 8(71237)51554 

Индер ауданы 8(71234)20880 

Исатайауданы 8(71231)20684 

Құрманғазы ауданы 8(71233)20920 

Қызылқоға ауданы 8(71238)21195 

Мақат ауданы 8(71239)32341 

Махамбет ауданы 8(71236)21242.

Батыс Қазақстан облысы 

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары 109 Call-орталығына қоңырау шалу арқылы өзінің дауыс беретін сайлау учаскесін анықтай алады. Ал облыс орталығы Орал қаласының тұрғындары ұялы телефондарында SmartUralsk мобильді қосымшасы болса, сонда ЖСН теру арқылы анықтау мүмкіндіктері бар. Батыс Қазақстан облысының да барлық аймағында Call-орталықтар жұмыс істейді. 

Орал қаласы 8 (71112) 500255 

Ақжайық ауданы 8 (71136) 91349 

Бөкей ордасы ауданы 8 (71140) 21230; 21190 

Бөрлі ауданы 8 (71133) 20352; 

Бәйтерек ауданы 8 (71130) 22556; 23490; 22702 

Жанғалы ауданы 8 (71141) 21100 

Жәнібек ауданы 8 (71135) 21910; 21240 

Казталов ауданы 8 (71144) 31679; 31167 

Қаратөбе ауданы 8 (71145) 31826 

Сырым ауданы 8 (71134) 31163; 21129 

Тасқала ауданы 8 (71139) 21382 

Теректі ауданы 8 (71132) 21202 

Шыңғырлау ауданы 8 (71137) 34199 

Жамбыл облысы 

Ал Жамбыл облысы әкімінің ресми сайтында өңірдегі сайлау учаскелерінің шекаралары көрсетілген. Өңірдегі Call-орталықтардың нөмірі мынадай: 

Тараз қаласы 8 (7262) 434767: 437622 

Байзақ ауданы 8 (72637) 22144 

Жамбыл ауданы 8(72633) 21206, 21893 

Жуалы ауданы 8(72635)20487, 21938 

Мерке ауданы 8(72632) 21094 

Мойынқұм ауданы 8(72642)21016 

Сарысу ауданы 8 (72634) 61215 

Талас ауданы 8(72644) 61000, 61841 

Т.Рысқұлов ауданы 8(72631)21600 

Қордай ауданы 8 (72636) 45257 

Шу ауданы8 (72638) 31988; 31016 

Қарағанды облысы 

Қарағанды облысының электронды қызмет көрсетулер порталында ЖСН теру арқылы сайлау учаскесін анықтауға болады. Егер ЖСН арқылы дауыс беретін учаскеңіз анықталмаса, онда жоғарыдағы порталда көрсетілген өңір аумағындағы қалалар мен аудандарда ашылған Call-орталық нөмірлеріне хабарласуыңыз қажет. 

Қостанай облысы 

Қостанай облысы өңір тұрғындары үшін сайт ашып қойған. Қолдану өте қарапайым, тек ЖСН теру арқылы ғана сайлау учаскеңізді тауып алуға болады. Мұнан бөлек Telegram-бот та жұмыс істейді. Сонымен қатар 16 аудан мен 4 қаланың да сайлаушылар тізімін анықтауға арналған Call-орталығы бар. 

Алтынсарин ауданы 8 (71445) 34-1-94; 34-2-03 

Амангелді ауданы 8 (71440) 21-7-44; 23-0-00 

Әулиекөл ауданы 8 (71453) 22-2-37; 22-1-51 

Б.Майлин ауданы 8 (71436) 3-62-70; 3-71-00 

Денисов ауданы 8 (71434) 2-10-21; 2-19-45 

Жангелді ауданы 8 (71439) 2-15-41; 2-14-46 

Жітіқара ауданы 8 (71435) 2-55-21; 2-00-06 

Қамысты ауданы 8 (71437) 2-16-82; 2-18-42 

Қарабалық ауданы 8 (71441) 3-37-70; 3-25-29 

Қарасу ауданы 8 (71452) 21-0-04; 21-9-31 

Қостанай ауданы 8 (71455) 2-30-39; 2-25-46 

Меңдіқара ауданы 8 (71443) 2-41-89; 2-41-92 

Наурызым ауданы 8 (71454) 21-5-79; 21-5-35 

Сарыкөл ауданы 8 (71451) 22-5-32; 21-0-50 

Ұзынкөл ауданы 8 (71444) 21-2-07; 24-2-01 

Федоров ауданы 8 (71442) 22-5-28; 21-4-43 

Қостанай қаласы 8 (7142) 57-57-68; 57-57-50; 57-57-10 57-57-31; 57-57-66 

Арқалық қаласы 8 (71430) 7-01-91; 7-66-06 

Лисаковск қаласы 8 (71433) 3-86-82; 3-84-11; 3-44-50 3-38-66 

Рудный қаласы 8 (71431); 4-12-77; 4-78-87 4-41 

Қызылорда облысы 

Сыр өңірі де 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаушылар тізімін анықтауға арналған дербес сайт ашып қойған. Одан ЖСН теру арқылы бірден қай учаскеде тіркелгеніңізді білуге болады. 

Маңғыстау облысы 

Ал Маңыстау облысында жергілікті әкімдіктер сайлаушылар тізімін анықтауға арналған Call-орталықтар ғана дайындап, оған жауапты адамдардың аты-жөндері мен орналасқан жерлері мен байланыс телефондарын ұсынып отыр. Бұл өңірдің төмендегі қалалардың тұрғындары мына нөмірлерге хабарласу арқылы сайлау учаскелерін анықтауларына болады: 

Ақтау – 8 (7292) 33-65-20; 

Жаңаөзен – 8 (72934) 7-96-57, 7-96-58; 

Мұнайлы ауданы – 8 (7292) 46-62-34; 

Мұнайлы ауданы – 8 (72931) 2-12-86; 

Түпқараған ауданы - 8 (72938) 2-26-45; 

Бейнеу ауданы – 8 (72932) 2-11-28; 

Қарақия ауданы – 8 (72937) 2-21-91. 

Павлодар облысы 

Аталған өңір тұрғындары облыс әкімдігінің ресми сайтында ЖСН тіркеу арқылы дауыс беретін учаскесін анықтайды. Солтүстік Қазақстан Бұл облыста да арнайы әзірленген сайт пен Telegram-бот арқылы өз учаскеңізді анықтай аласыз. 

Түркістан облысы 

Түркістан облысының тұрғындары 109 Сall-орталығына қоңырау шалу арқылы немесе tur_saylaw_bot Telegram-ботына өзінің ЖСН-ін теру арқылы сайлау учаскесін тексереді. 

Шығыс Қазақстан облысы 

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Электронды қызметтер орталығының порталында тіркелген мекенжайын не болмаса ЖСН-ін көрсету арқылы сайлау учаскесін анықтайды. Өңір тұрғындары сайлау учаскесіне қатысты қателікті тапқан жағдайда өзі тұрғып жатқан аймақтың әкімдігіне хабарласуы керек. Сонымен қатар шығысқазақстандықтар үшін 109 және 1331 Call-орталықтары жұмыс істейді. Мұнан бөлек, қалалар мен аудандарда да сайлаушыларға көмек Call-орталықтары көрсететін бар. 

Өскемен қаласы 8(7232)268965; 268986; 266707; 1300 

Семей қаласы 8(7222) 566581 

Риддер қаласы 8(7232) 42576 

Курчатов қаласы 8(72251) 79028 

Абай ауданы 8(72252)91653 

Аягөз ауданы 8(72237)30369 

Алтай ауданы 8(72335) 62440 

Бесқарағай ауданы 8(72236)90250 

Бородулиха ауданы 8(72251)21001 

Глубоковское ауданы 8(72331)22294 

Жарма ауданы 8(72347)65189 

Зайсан ауданы 8(72340)21567 

Қатонқарағай ауданы 8(72341)29197 

Күршім ауданы 87233921727 

Көкпекті ауданы 8(72348)22357 

Тарбағатай ауданы 8(72346)21701 

Ұлан ауданы 8(72338)27033 

Үржар ауданы 8(72230)34030 

Шемонаиха ауданы 8(72332)33534.

Айта кетерлігі, бүгін еліміздің Орталық сайлау комиссиясы әр сайлаушыны құқықтық сауаттылық танытып, сайлау құқығын пайдалануға шақырған үндеуін жариялаған болатын. 

Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу бойынша заңды маңызды әрекеттерді уақтылы қабылдауыңыз қажет. 2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап сізге өз сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі, - делінген аталған үндеуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы