Сайлау учаскелерінен заң бұзушылық байқамадым – Бекнұр Кисиков

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. “Аманат” қоғамдық платформасы атынан сайлауға бақылаушы ретінде қатысып жатқан Бекнұр Кисиков әзірге ешқандай заң бұзушылық байқамағанын айтты. 

“Таңнан бері бірнеше сайлау учаскесін аралап шықтым және біздің ұйымның бақылаушылары да осында жүр. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықты байқамадық. Бәрі жақсы өтіп жатыр, профессионалдар жұмыс істеп жатқаны көрініп тұр”, - дейді ол. 

Сонымен қатар, ол сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй ұйымдастырылғанына қуанышты екенінін жеткізді. 

“Бір қуанарлығы сайлау учаскелерінде ән ойнап жатыр, артистер келген және халық үшін сусындар, тамақтар сатылуда. Бір сөзбен айтқанда мерекелік көңіл күй бар. Жалпы сайлау мейрам сияқты өту керек. Ал халық келіп дауыс беру керек, өйткені бұл олардың азаматтық борышы”, - деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Кисиков. 

Айта кетейік, Алматы қаласында 554 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Бұған дейін 1 миллионнан аса сайлаушы дауыс беруге келуге ниетті екендіктерін білдірген. Сайлау барысында өз азаматтарымыздан бөлек 80-нен аса шетелдік бақылаушы жұмыс істеуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы