Қазақстандағы сайлау xалықаралық талаптарға сай өтіп жатыр - шетелдік бақылаушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ресей Мемлекеттік Думасының қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комитетінің мүшесі, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) парламенттік ассамблеясының халықаралық бақылаушылар делегациясының өкілі Анатолий Выборный айтты.
«ҰҚШҰ парламенттік делегациясы құрамына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей парламенттері кіреді. Олардың халықаралық сайлау бақылаушылары ретіндегі тәжірибесі мол. Бірнеше елдің президент және жоғары заң шығарушы органдарының сайлауларына қатысқан. Қазақстанның да бұған дейінгі президенттік сайлауында да бақылаушы болған. Біз Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын өте жақсы зерттедік. Заңнама уақыт талабына сай келетінін атап өткім келеді. Ең бастысы, ол Қазақстан халқы мен халықаралық заңнаманың талаптарына жауап береді» - дейді Анатолий Выборный
Байқаушы сондай-ақ қазақстандықтардың сайлауда әрдайым белсенді болғанын атап өтті.
«Біз өткен президенттік сайлауға қатысуымызды ілтипатпен еске аламыз. Әр жылдардағы сайлауларда xалық жай ғана емес, өте белсенді болды. Бір айта кетерлігі, әрдайым xалықтың үміті ақталды. Біз секілді халықаралық байқаушылар үшін Қазақстандағы сайлау әрқашан заңның талаптарына, соның ішінде халықаралық құқыққа сәйкес жүргізіліп отырғаны, әділетті және әділ болғаны маңызды. Осыған дейін байқаушылар да, Қазақстан xалқы да сайлаулардың әділ өткеніне күмәні болған емес», - дейді ол.