Сайлау реформалардың логикалық жалғасы – Индира Рыстина

Біздің елде соңғы кезде көптеген өзгерістер орын алып жатыр.  Соның бірі алдағы сайлау. Неліктен ол дәл қазір өтіп жатыр, маңыздылығы неде? Бұл туралы саясаттанушы Индира Рыстина айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Саясатпен көп адам айланыспаса да, көбіміз саясатпен байланысты өмір сүреміз. Сайлау тақырыбына келсек бір қарасақ барлығы аяқ астынан болған сияқты. Десекте қыркүйекте Жолдауда Президенттің өз аузынан бір емес, екі сайлау болатыны туралы естідік. Қыркүйектегі жолдауға дейінгі саяси реформалар ретін жіктеп қарайтын болсақ сайлау осы реформалардың логикалық жалғасы екенін түсіне аламыз. Бұл бір саяси шешімдерді ақтау мәселесі емес. Жалпы барлығын бір бетке қойып саралап көрейік. Үлкен саяси транзит 2019 жылы басталды. Оны бәріміз де мойындаймыз. Бірінші президент кетті, орнына Қасым-Жомарт Кемелұлы келді. Одан кейін жазда сайлау өтіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы президент болып  сайланды. Ендігі кезекте саяси реформалар басталды, - деді ол.

Ұлттық сенім кеңесі құрылды. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші саяси реформалар пакеттері қабылданды. 

Саяси реформалар ақырындап енгізіліп жатты. Олар қандай болды. Бүгінге сайлауға келу үшін соның желісін қарап алайықшы. Сол кезде саяси партиялар туралы заңға өзгерістер енгізілді.  Бұрын саяси партия құру үшін 40 мың адам керек болса, енді 20 мыңға түсті. Яғни саяси партиялар белгілі бір дәрежеде саяси науқанға дайындала бастады. Одан кейін митингтер туралы заңға өзгерістер енргізілді.  Яғни біз сөз бостандығына көбірек мән бере бастадық, оны да мойындау керек. Одан бөлек сайлауда «Бәріне қарсымын» деген баған пайда болды. Яғни біз сайлауға барғанда міндетті түрде біреуді сайлау керекпіз дегеннен кеттік. Сайлауға барып саяси протестті, саяси енжарлықпен емес саяси белсенділікпен білдіруге мүмкіндік берілді. Одан кейін де көптеген өзгерістер болды. Одан кейін қаңтар болды. Оны біз жауып қойып ол туралы айтпай отыруымызға болмайды. Ол - саяси процестердің катализаторына айналды деп айтуға болады. Көптеген саяси реформалардың бастауы да сол кезде  орын алды. Көптеген мәселелердің беті де сол кезде ашылды, - дейді ол.

2022 жыл осындай оқиғадан басталып жалпы саясаттанушылар үшін өте кең көлемді реформаларды талқылайтын жылға айналды. 

Егер салыстырып қарайтын болсақ саясаттанушылардың 2022-ші жылғы жұмысы жалпы оған дейінгі 5 жылдық жұмыспен теңбе-тең келді. Себебі көптеген саяси өзгерістер болды. Одан кейін екі Жолдау болды. Бірі Наурыздағы Жолдау, үлкен саяси реформалар  пакеті айтылды, ол кезде түбегейлі өзгерістер реформалар орын алды. Одан кейін қыркүйектегі Жолдау, арасында Конституцияға өзгерістер  енгізу бойынша  алғаш рет референдум өткізілді. Саяси жүйенің либеризациясы басталды. Саяси парияларды құру үшін енді 5 мың адамға дейін шектетілді. 2019 жылы 40 мың болды, казір 5 мыңға яғни сегіз есе түстік. Бұл үлкен қадам. Ол саяси плюрализмге мүмкіндек берді. Көптеген саяси партиялардың құру мүмкіндігі берілді. Одан бөлек саяси партиялар үшін қол жинайтын мерзім бұрын жарты жыл болса, ол бір жылға дейін ұзарды.  Президенттің өкілеттік мерзімі 7 жылға дейін ұзарды, алайда ең бастысы президент бір рет  ғана сайланады деген өзгеріс қабылданды. Ендігі кезекте біз президентті бір рет қана сайлаймыз. Осы нормалар Конституцияда өзгерістерге ұшырамайтын нормалар қатарына кірді. Конституцияда түйткілді нәрселер бар, содардың қатарына Президентті сайлау өкілеттілігі мен жиілігі де өзгермейтін нормалар қатарына енді, - деді Индира Рыстина.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгінгі валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы