Сайлау қорытындысы 16 маусымнан кешіктірілмей жарияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президент сайлауының қорытындысы 16 маусымға дейін жарияланады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.

«Күнтізбелік жоспардағы бірқатар баптар сайлау процесіне қатысушыларды сайлау комиссияларының құрамдары сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері, сайлаушылардың тізімдерімен танысу үшін ұсыну мерзімдері туралы ақпараттандыру мерзімдерін белгілейді. Осылайша дауыс беру 9 маусымда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді», - деп айтты Петров.

Оның айтуынша, дауыс беру аяқталған кезден бастап 12 сағаттан кешіктірмей сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүргізіледі. Әкімшілік аумақтық бірлестіктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді. Дауыс нәтижелері Орталық сайлау комиссияларына екі күн мерзім ішінде, яғни 11 маусымнан кешіктірілмей жеткізіледі. Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерін белгілеу мен жариялауға, сайланған президентті 7 күн ішінде тіркеу көзделген. 

«25 мамырдан бастап әрбір азамат сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімінде бар-жоғын көре алады. Ал дауыс беру қорытындысы 2019 жылдың 16 маусымына дейін кешіктірілмей жарияланатын болады», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығы 2019 жылдың 28 сәуірінде сағат 18.00-де аяқталатыны туралы мәлімдеді.

Бұған дейін, президенттікке үміткерлер төлеуі тиіс сайлау жарнасы 2 млн 125 мың теңгені құрайтыны туралы  және президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталған күннің ертеңіне, яғни 11 мамыр күні үгіт-насихат жұмыстары басталатыны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптарды нақтылап, Қазақстан президенттігіне кандидаттардың кем дегенде 114 мың қол жинауы қажет екенін айтқан болатын.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы