Сайлау өткізуге бөлінетін қаражат 2 есе өсті

2019 жылы сайлау өткізуге 9 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінсе, биылғы сайлауға бөлінген қаражат ол сомадан екі есе өскен деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Орталық сайлау комиссиясы отырысынан кейін өткен брифингте комиссия мүшелері мұның себебін түсіндірді.

Жалақы қоры ең төменгі жалақы мөлшеріне сәйкес келетін барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының 70 мыңнан астам мүшесінен тұрады. 2019 жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңге болса, биыл 60 мың теңге болды. Бұл сайлау науқанының сметасында үлкен өзгеріс, ең алдымен, кез келген науқанның 80 пайызын құрайтын жалақы қорына байланысты. Бүгінгі таңда біз Қаржы министрлігіне сайлау науқанын өткізуге кететін шығынның шамамен сметасын ұсындық және қазір ол 20,5 млрд теңге көлемінде, - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина.

Комиссия хатшысы бұл кезектен тыс президенттік сайлау болғандықтан, сайлауға қаражат үкімет резервінен бөлінетінін хабарлады. Сондай-ақ бюллетеньдердің құнын екі есе өскеніне тоқталды. 

2019 жылы бір бюллетень дайындау құны 11 теңге болса, қазір оның құны 22 теңгеге дейін өсті, - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.

Қуантарлығы, қазіргі кезде елімізде 2019 жылмен салыстырғанда сайлау науқанына қажет сауытты дайындайтын 4 кәсіпорын бар. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы