Сайлау: Өңірлерде Партиялық емес байқау орталығының филиалдары құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов журналистерге берген сұхбатында айтты.
Сайлау науқанына байқаушы ретінде қатысу ниетіміз бар екенін бұған дейін айттық. Сайлауға қоғамдық ұйымдардың өкілдері неғұрлым көп қатысатын болса, біздің азаматтардың таңдау құқығы соғұрлым қоғаммен және заңмен қорғалады. Ең бастысы – адамдардың таңдау еркіндігіне конституциялық құқығын қамтамасыз ету, - дейді ол.Айтуынша, Партиялық емес байқау орталығының басты міндеті – азаматтардың ерік бостандығын бұзуға жол бермеу.
Қазіргі таңда орталықпен және оның өңірдегі филиалдарымен байқаушылар саны іріктеліп жатыр. Сондай-ақ оқыту жұмыстары да аяқталды. Барлығы 30-дан астам онлайн семинар өткізілді. Байқаушылар сайлау процесін байқау механизмдерімен танысты. Қоғамдық байқауды максималды түрде пайдалану үшін ең үздік әлемдік стандарттар шеңберінде оқыту жұмыстарын ұйымдастырдық, - дейді Төлеген Күнәділов.Сонымен қатар барлық өңірде Партиялық емес байқау орталығының филиалдары құрылды.
Партиялық емес байқау орталығының төрағасы сайлау науқаны күрделі әрі қиын саяси науқан екенін атап өтті.
Сайлау науқанының күрделілігін, қиындығын білеміз. Сол себепті сайлау науқанына сайлау заңнамасының ерекшеліктерін жетік білетін және өзінің байқаушы ретінде құқықтары мен міндеттерін толығымен түсінетін адамдарға сүйенеміз. Бұл өз кезегінде сайлауды әділ және объективті баға беруге мүмкіндік береді, - деп толықтырды өз сөзін Күнәділов.
Еске сала кетейік, 25 шілдеде Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Карантин. Елордада демалыс күндері автобус жүрмейді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы