Сайлау нәтижесінің әділ болуы әділеттілікке сенетіндердің сенімін нығайтады - блогер, саяхатшы
Бұл туралы блогер, саяхатшы Яков Федоров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен елордадағы №79 мектеп-лицейде орналасқан №126 сайлау учаскесінде дауыс бердім. Дауыс беру жақсы өтті, ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берер едім. Дегенмен біраз кезек күтуге тура келді. Бұл керісінше, жақсы көрсеткіш, адамдар ауа райына қарамастан, дауыс беруге барып жатыр. Биыл сайлаудың бірмандатты округтерден сайлауға түсу мүмкіндігінің берілген соң азаматтарға дауыс беру қызықты бола түсті, - деп атап өтті саяхатшы.
Сонымен қатар ол өзінің белсенді саяси ұстанымы бар азамат екендігін алға тартты.
Мен 2004 жылдан бері сайлауға дауыс беруге барамын. Бірде-бір сайлауды қалдырмаппын. Былтырғы референдумға да барып дауысымды бердім. Өйткені бұл өте маңызды. Біз қазір іс жүзінде алдағы кем дегенде 5 жылға болашағымызға таңдау жасаудамыз. 2004 жылғы сайлауға қарағанда қазір сайлау жүйесін әлдеқайда дамыған. Мәселен, адамдар цифрландыру процесінің игілігін көруде. Жеке куәліктің орнына оның электронды нұсқасын көрсету ыңғайлы. Сондай-ақ үйден шықпай-ақ өзіңіздің сайлау учаскеңізді тауып алуға мүмкіндік жасалған, - деді блогер.
Айтуынша, сайлаушылардың электоралды процестің әділ өтетініне сенімі көп.
Сайлауға дауыс беруге баратын адамдар әділдікке үміттері мол жандар. Сәйкесінше, сайлаудың нәтижесі әділ болса, ол әділеттілікке сенетін азаматтардың сенімін нығайта түседі. Саяси процестің әділ өтуі қазір өте маңызды, - дейді Яков Федоров.