Сайлау мен референдумның айырмашылығы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚСЗИ бөлім меңгерушісі Ермек Тоқтаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, референдум мен сайлудың арасында айырмашылық бар.
Сайлауда біз нақты бір саяси партияға немесе үміткерге дауыс беретін болсақ, референдумда жарияланған орын алатын конституциялық реформалар, заң жобасымен келісетінізді немесе келіспейтінімізді білдіреміз. Референдумға барып дауыс берген маңызды. Себебі бұл саяси жүйенің дамуына өте үлкен әсер ететін шешім болады, - деп атап өтті бөлім меңгерушісі.
Сондай-ақ ол референдум мен сайлаудың ұқсас тұстарына тоқталды.
Референдум мен сайлау қатысу жағынан бір-біріне ұқсайды. Әрқайсымыз тіркелген мекенжайымыз бойынша бөлінген учаскелерге барып, дауыс береміз, - деді сарапшы.
5 маусым күні республикалық референдум өтетіні белгілі. Саяси маңызды науқанда 11 өңір халқы жақтап дауыс берсе, Ата заңға өзгеріс енгізіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін сарапшы Ермек Тоқтаров референдум - елдегі саяси мәдениеттің дамуының белгісі екендігін айтқан болатын. Ол саяси науқан – мемлекет өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі деп атады.