Сайлау. Мемлекет басшысы неге мемлекеттік тілден емтихан тапсырмайды?

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман ҚР президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистика комиссиясында мемлеттік тілден емтиханды неліктен тапсырмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды  BAQ.KZ тілшісі.

Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңының 54-бабы 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі кандидатурасы өкілеттерін келесі мерзімге қайта ұсынылған, жұмыс істеп жүрген республика Президентіне қолданылмайды, - деп жауап берді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Еске салайық, Парламент Мәжілісінің депутаты Мақпал Мыса 20 қараша күні өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысты өз пікірін білдірді. 

Депутат алдағы өтетін сайлауды соңғы 3 жыл бойғы өзгерістер арқылы саралап шықты.

Президент сайлауын соңғы үш жылда жүзеге асқан барлық саяси реформалар тұрғысынан қарастырған жөн. 2019-2022 жылдары Президенттің саяси бастамаларының үлкен шоғыры заңнамалық деңгейде іске асты. Енді қазір сайлау арқылы аталған реформаларды нақты орындау, оны бекіту кезеңі туды. Бірінші кезеңде біз Конституциялық реформа өткіздік, референдумда Ата Заңға өзгерістер енгізілді. Одан кейін Президент, Парламент және барлық деңгейдегі мәслихаттарды сайлау қажет. Жаңа қоғам үшін қажетті өзгерістерді заңнамалық тұрғыдан орындап, конституциялық реформаларды іске асыру үшін биліктің барлық тармағын (заң шығарушы билік ретінде - Парламент, атқарушы билік ретінде - Президент және үкімет, сот билігі ретінде - бүкіл сот жүйесі) қайта жасақтау жүзеге асқалы отыр, - деді Мақпал Мыса.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы