Сайлау күні Түркістанда Қасым және Жомарт есімді егіздер дүниеге келді

Сайлау күнінде Түлкібас аудандық орталық ауруханасында 31 жастағы келіншек егізді дүниеге әкелді. Саяси науқан күні дүниеге келген егіздерге ата-анасы Қасым және Жомарт деген есімдер берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Білікті дәрігерлердің қатысуымен әйелге жедел ота сәтті жасалған болатын. Ана Түлкібас аудандық орталық ауруханасында екі ұлды босанды.

Нәрестелердің салмағы 3500 гр, және 2700 гр болды.

Аурухана ұжымы мен аудан әкімдігі дүние есігін ашқан сәбидің анасын құттықтап, сый-сыяпаттарын табыстады.

Айта кетейік, медицина қызметкерлерінің көмегімен кішкентайлардың да, анасының да жағдайы жақсы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы