Сайлау күні қалада болмайтындар сырттай дауыс беру куәлігі арқылы дауыс бере алады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова өңірлік коммуникация алаңында өткен онлайн брифингте айтты.

Жанна Асанова сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің және Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауға дайындық туралы баяндады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің және Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді. Сайлау жалпыға бірдей. Тең және төте сайлау құқығы негізінде партиялық тізім бойынша жасырын дауыс беру жағдайында жүзеге асырылады. Әрбір сайлаушы бір рет және тек бір кандидатқа дауыс бере алады. Сайлау учаскелері 2020 жылдың 26 желтоқсанынан бастап ашылады,-деді ол. 

Оның айтуынша, қазір қалада 581 сайлау учаскесі бар. 20 желтоқсанындағы жағдай бойынша Алматы қаласында сайлаушылар саны 1 132 298 адамды құраған.

Әр учаске бойынша сайлаушылардың тізімдерін әкімдіктер сайлау учаскелеріне өткізді. Азаматты белгілі бір сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне қосу үшін оның осы сайлау учаскесіннің аумағында тұрғылықты жерінде тұрақты тіркелу фактісі негіз болады. Сіз өзіңіздің сайлау учаскеңіз туралы ақпаратты байланыс орталығында, сондай-ақ, @sailau_almaty Telegram ботында және Open Almaty және онлайн қызметтерінде ақпарат алуға және сайлаушылар тізімінен тексере аласыз,-дейді Асанова.

Сонымен қатар ол сайлау күні қалада болмайтындар сырттай дауыс беруге арналған куәлік алу мүмкіндігі  барын жеткізді.

Сырттай бюллетендер беру 2021 жылдың 9 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша 18.00-де тоқтайды. Сіз сырттай бюллетенмен осы куәлікті алған қаладан басқа (егер сайлаушы сол қалада тіркелген болса) Қазақстан Республикасының кез-келген аймағында сайлауға қатыса аласыз.  Егер сіз денсаулығыңызға байланысты немесе отбасыңыздағы науқас адамды күтуіңізге байланысты сайлау күні жергілікті уақытпен сағат 12.00-ге дейін дауыс беруге келе алмасаңыз, жазбаша өтініш жазуыңыз керек, ал учаскелік комиссия сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастырады,-деді ол. 

Айта кетсек, Алматы қаласында 5  саяси партияның қалалық филиалдары Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған. Оның ішінде «Nur Otan» партиясы  -  15 адам, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6 адам, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы –15 адам, «Қазақстанның халықтық партиясы» – 15 адам, «Adal» саяси партиясы – 5 адам ұсынды. Барлығы 119 адам, алайда «Қазақстанның халықтық партиясы» тізімінен бір адам өз кандидатурасын алып тастады. Осылайша, Алматы қаласы мәслихатындағы 39 депутаттық мандатқа тіркелген кандидаттардың жалпы саны 118 адам.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы