Демалыс күндері елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 және 9 маусым күндері елорданың бірнеше жерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Азық-түліктердің бағасы нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі «Қазақстан» спорт кешені аумағында, Сауран көшесі, 7А мен 5 үйдің арасындағы алаңда, сондай-ақ, Қосшығұлұлы көшесі, 14 және 189 көшесі, 5 мекенжайында өтеді.

"Жәрмеңкеде Нұр-Сұлтанның, Қарағанды облысы Абай ауданының, Ақмола облысының, Қостанай облысы Арқалық қаласының және өзге де өңірлердің шаруалары, тауар өндірушілері, фермерлік шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұсынады. Келушілер жеміс-көкөніс өнімдерін, ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті), нан-тоқаш өнімдерін, Тараздан жасалған шұжықтарды, Атыраудан жеткізілген жаңа мұздатылған балықтарды және тағы басқаларын қолайлы бағамен сатып ала алады", - делінген таратылған ақпаратта. 

Барлық жәрмеңкеде тексеру таразысы орнатылады. Ал мұндай іс-шаралардың жұмысын жетілдіру үшін әрбір келуші пікірін шағымдар мен ұсыныстар кітабына жазып қалдыра алады. Сонымен қатар, әкімшілер келушілердің ыңғайлылығы үшін сапалы қызмет көрсетуді қадағалау мақсатында сауда орталығын аралап жүреді. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы