Сайлау кезінде байқаушылар фото, аудио және бейнежазба жасай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықов айтты.
Алайда оны жүзеге асыру заң талаптары аясында жүргізілуі тиіс. Фото және бейнежазбаны жүзеге асыру дауыс беру құпиясын және сайлаушылардың дербес деректерін қорғауды ескере отырып жасалады.
Спикердің айтуынша, фото, бейне және аудио жазу - ең көп сұрақ туындататын мәселе. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конситуциялық заңында ұлттық байқаушыларға дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға фото, дыбыс және бейнежазбалар жасау құқығы берілген. Трансляцияны жүзеге асыру құқығы Конституциялық заңда көзделмеген.
Фото, аудио, бейнетүсірілімді пайдалану байқаушыға сайлау процесінің барысын объективті бағалауға, оның ішінде азаматтық, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелер ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ заң бұзушылықтар болса, оны тіркеу үшін қажет болуы мүмкін, - деді ол.
Спикер байқаушы бұл мүмкіндікті тек заң талаптарын сақтай отырып жүзеге асыра алатынын тағы бір мәрте ескертті.
Байқаушылар бұзушылықтар туралы өз тұжырымдарын нақты және тексерілетін дәлелдемелерге негізделуі тиіс екенін ескерген жөн. Осылайша, фото мен бейне, аудио жазбалар бұзушылықтар болған жағдайда дәлел ретінде пайдаланылуы тиіс. Егер байқаушы оларды баршаға жариялауға пайдаланғысы келсе, онда байқаушы ҚР Азаматтық кодексінің (145 бап) талаптарын сақтауы тиіс, - деді Серік Сыдықов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
12 мыңнан астам ойын автоматы заңсыз айналымнан алынды
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы