Сайлау күні «Red Bus» туристік автобустарда экскурсия тегін өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазғы маусымның ашылуына және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өткізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары 9 маусым күні «Red Bus» экскурсиялық автобустарында сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады. Бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде, ауысу арқылы.

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10.00 (орыс тілінде);

- сағ. 12.30 (қазақ тілінде);

- сағ. 14.45 (орыс тілінде);

- сағ. 17.15 (қазақ тілінде);

- сағ. 19.30 (орыс тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Хан Шатыр» СОО, «Мәңгілік Ел» триумфалды қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және«AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы. «Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10.30 (қазақ тілінде);

- сағ. 13.00 (орыс тілінде);

- сағ. 15.15 (қазақ тілінде);

- сағ. 17.45 (орыс тілінде);

- сағ. 20.00 (қазақ тілінде).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы