Сайлау. Дауыс берушілердің алғашқы легі учаскеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы басталды.


Сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-ден, кей аймақтың сайлау учаскелерінде таңғы сағат 6:00-ден басталды.


Нұр-Сұлтан қаласының №66 мектеп-лицейінде №113 сайлау учаскесі орналасқан.


Сайлау учаскесінде бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес барлық карантин талабы сақталған.



Учаске жеке қорғаныш құралдарымен толығымен қамтамасыз етілген. Сайлау учаскесіне келушілер алдымен дезинфекция туннелінен өтеді.


Кейін кіреберісте тұрған мамандар келушінің дене қызуын өлшеп, оған маска және медициналық қолғап береді.



Айта кетейік, сайлау учаскесі Қонаев көшесінде орналасқан. 



№113 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Мұрат Сапарғалиевтің айтуынша, аталған сайлау учаскесінде 2917 сайлаушы тіркелген. 


Олардың 24-і басқа қалада дауыс береді.



Оларға 2967 бюллетень алынған. Сайлау учаскесінде таңғы сағат 7:45-тегі ақпаратқа сәйкес 5 жергілікті байқаушы тіркелген.


Өз таңдауын жасауға келушілер учаске жұмысын бастағалы келіп жатыр. Олардың арасында депутат Магеррам Магеррамов та бар.



Аталған сайлау учаскесінде байқаушылардан бөлек БАҚ өкілдері де ақпарат таратып, жұмыс істеп жатыр. 




№113 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында 11 комиссия мүшесі бар.



Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Елімізде 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы