Сайлау. «Ақ жол» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды

«Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжаттар ОСК-ға «Сайлау туралы» Конституциялық заңның  87-бабында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылды.

«Ақ жол» партиясы барлық тиісті құжатты Орталық сайлау комиссиясына ұсынды.

Мынадай құжаттар екі тілде ұсынылды ұсынылды: 

- саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме; 

- саяси партияның Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі; 

- партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат; 

- партиялық тізім (электронды және қағаз түрінде);

- азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші; 

- тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаян деректері; 

- партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері және т.б

Кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына партия атынан бәсекеге  партияның 54 өкілі кіреді. Ал бірмандатты округтен 24 адам қатысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы