Сайлау алдындағы үгіт насихат жұмыстары бүгін 18.01-де басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты.

10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары бүгін 18.01-де басталып, дауыс беру күнінің алдындағы күні сағат 00.00-де аяқталады. Яғни 2021 жылдың 9 қаңтардағы сағат 00.00-ге дейін жалғасады, - деп атап өтті ол.

Спикердің айтуынша, бірқатар органдар мен ұйымдарға, азаматтарға үгіт-насихат жүргізу заң бойынша тыйым салынады.

Олардың қатарында мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың лауазымдық тұлғалары бар. Сонымен қатар, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың әскери қызметшілеріне насихат жүргізуге тыйым салынады. Бұл тізімде сайлау комиссияларының мүшелері, діни бірлестіктер мен шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалар мен халықаралық ұйымдар бар, - деді Анастасия Щегорцова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы