Сайлауға қоғамдық бақылау жасайтын азаматтық платформасы құрылды

Нұр-Сұлтан. BAQ.kz тілшісі. Алдағы кезектен тыс Президент сайлауына қоғамдық мониторинг жасау мақсатында "Аманат" атты азаматтық платформа құрылды.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдастықтың алғашқы отырысы өтті. Белсенділердің көшбасшысы Мұрат Әбеновтің айтуынша, қастарына БАҚ, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, жастарды, сарапшыларды жинаған.

"Бұл - сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне мүдделі Қазақстан азаматтарының тәуелсіз, ерікті қоғамдастық.  Бүгінгі таңда қызығушылық танытқан азаматтар мен сарапшылардың 250-ден астам өтінімдері келіп түсті. Олардың ішінде қоғамдағы өзекті деген проблемалар іріктеліп алынды. Қоғамдық штабы құрылды", - дейді Мұрат Әбенов. 

Оның айтуынша, осы ақпараттың негізінде 5 негізгі бағытты қамтыған концепция әзірленген. Бес бағыт мынандай:
1.Сайлауды өткізуге дайындық
2.Дауыс берушілерді ақпараттандыру
3.Адалдық пен ашықтық
4.Ашық диалог 
5.Тең ынтымақтастық.

"Жұмыс сапалы әрі жылдам атқарылуы үшін еліміздің барлық өңірлерінде "Аманат" азаматтық платмофрмасының өкілдері белгіленді. Қоғамдастық мүшелері xалықаралық бақылаушылар миссияларымен, орталық сайлау комиссияларымен, жергілікті басқару органдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады", - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы