Сайлауға дайындық бойынша заңбұзушылық жоқ – заңгер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін елордада «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігі өткізген баспасөз мәжілісінде заң ғылымдарының докторы Марат Сәрсембаев айтты.
«Кезектен тыс Президент сайлауына 8 үміткер тіркеліп, талаптарға сай болып шықты. Әр үміткердің өзіндік ерекшелігі бар. Алғаш рет Президент сайлауына әйел кандидат тіркелді. Орталық сайлау комиссиясы бұл науқанға обьективті әрі әділ түрде жұмыс істеп жатқанын барлығы айтып жатыр. Әзірге ешқандай заңбұзушылық көрген жоқпыз. Үміткерлердің ешқайсысы шағым айтқан емес», - дейді Марат Сәрсембаев.«Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігі осымен екінші жиындарын өткізіп отыр. Қазіргі кезде бұл ұйымға еліміздің әр өңірінен 3 мыңға жуық заңгер қосылған.
«Біздің «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігіне 3 мыңға жуық заңгер мүше. Олардың көбісі жастар. Еңбек жолын енді бастап жатқан жас заңгерлер өздерін көрсеткісі келеді, осындай саяси процеске араласуды көздейді. Біз оларға жол көрсетеміз, заңсыздық орын алған жағдайда қалай шағымдану керектігін үйретеміз», - дейді бірлестіктің көшбасысы, заңгер Серік Ақылбай.
«Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігі енді үшінші жиындарын 11 мамырға жоспарланып отыр. Яғни, Президент сайлауына түсетін үміткерлер қажетті 118 мың қолды жинағаннан кейін. Сондай-ақ олардың айтуы бойынша, кез келген азамат сайлауға қатысты заңсыздықты байқаса аталған ұйымға хабарласуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Саттар Мәжитов жаңа қызметке тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы