Сайлау-2023. Жаңадан құрылған партия елдегі байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық мәселесін көтерді

Елордада жаңадан құрылған "Байтақ" Жасылдар партиясының сайлау алдындағы съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Партия төрағасының айтуынша, елімізде аса бай және кедей азаматтар арасында алшақтық пайда болған. Деректер базасынан алынған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы Қазақстандағы ең көп табысы бар ересек азаматтардың 1%-ы  барлық кірістің 15% -ын құраған.

Осы тұста байлықты бөлу арқылы елдегі теңсіздік күшейе түсетіні анық. Өйткені халықтың ең бай пайызы байлықтың 30%-ын, ал кедейлікте өмір сүретіндер тек  5%-ын  құрайды, - деп атап өтті партия төрағасы Азаматхан Әміртай.

Сонымен қатар съезде Мәжіліске кандидаттардың партиялық тізімін жариялайтын болады. Тізімге жиырма шақты адам енетіні айтылды.

Айта кетерлігі, съез жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысып жатыр.

Партия 2022 жылдың соңында экологиялық тұрақты қоғам құру мақсатында құрылған. Жасыл саясат қағидаттары: әлеуметтік әділеттілік, халықтық демократия және экологияға ұқыпты қарау қағидаттарын қолдау және жүзеге асыруды алға қойған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы