Сайлау-2023: Қорытынды статистика ертең ұсынылады

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елдегі барлық учаскелерде дауыс беру аяқталды. 

Дауыс беру тек елден тыс жерлерде 44 учаскеде жалғасады. Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының қорытынды статистикасы ертең ұсынылады, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі. 

Өңірлердегі учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.

Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де мәресіне жетті.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы немесе 6 млн 521 мың  860 адам бюллетеньдер алды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы