Сайлау-2023. ҚХП кандидаттар тізімін өткізді

Қазақстан Халық партиясы кезектен тыс сайлауға қатысатын Мәжіліске кандидаттарының құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгін Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттардың тізімін өткіздік. Тізімде – 52 адам. Квоталардың барлығы сақталған. 32,6 пайызы – әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құралған. Кандидаттар тізімінде республиканың барлық өңіріндегі азаматтар қамтылды, - деп атап өтті партия төрағасының орынбасары Серікқали Мұқашев. 

Айтуынша, қалған ақпараттарды жариялауға шектеу бар. 

Мәслихаттар бойынша тізім әлі жасақталып жатыр. 8 ақпанға дейін уақыт бар. Бірақ дәл қазір съезімізде айтқанымыздай, 700-дің маңында. Тізім әлі жасалып біткен жоқ, - деді партия өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы