Сайлау-2023. Партиялардың бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

Елімізде 19 наурызда өтетін Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау науқанына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Respublica Таразда 

Respublica партиясына тиесілі

Бүгін Respublica төрағалары мен кандидаттары Тараз қаласына ат басын тіреді.

Мұнда жергілікті кәсіпкерлермен, түрлі саладағы компаниялардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өтеді.

Көне шаһардағы кез келген тұрғын қатыса алатын, ой-пікірін, ұсынысын жеткізе алатын кездесу болды. 

Кездесу соңында спикерлер аудиторияның күрделі әрі қиын сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

 ЖСДП  Астана қаласының жұмыссыз азаматтарымен кездесті

23 ақпанда ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Мақсұт Насибулов Астана қаласының жұмыссыз азаматтарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жұмыспен қамту, сонымен бірге азаматтарымыздың несиеге белшеден бату мәселелері көтерілді.

Мақсұт Насибулов өз сөзінде қарапайым азаматтардың қызығушылықтарын қорғау бойынша ЖСДП қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.

"Baitaq" партиясы студенттермен кездесті

"Baitaq" партиясына тиселі

23 ақпан күні жасылдар партиясының ұйымдастыруымен өткен Экохакатонның басты мәселесі қоқыс болды. 

Студенттермен кездесу барысында партия мүшесі және экобелсенді Мирас Аббасов саналы тұтынуға көшудің маңыздылығын атап өтті. 

"Baitaq" партиясының  жасыл экономика бойынша хатшысы Чингиз Лепсибаев партияның Астана аумағында ғана емес Қазақстан бойынша экологиялық жағдайды жақсартудың жоспарымен бөлісті. 

Экохакатонда айтылған барлық ұсыныстар партияның жұмыс жоспарына енгізілетін болады. 

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын қабылдау қажет 

 Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ирина Смирнова Көкшетаудағы «Евразия Групп Қазақстан» компаниясының ұжымын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. 

ҚХП партиясына тиселі

ҚХП сайлауалды бағдарламасында жастарды тұрғын үймен қамту ұсынылған. Ол үш санат бойынша жүзеге асады.  Бірінші – кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй. Оны жалдау мерзімі – 14 жыл. Екінші – ипотекалық бағдарлама арқылы жылдық 4%-бен қолжетімді тұрғын үй. Баспананы сатып алу мерзімі – 14 жыл. Үшінші – ҚХП бағдарламасына сәйкес келетін басқа құрылыс салушылардан жаңа баспана және қайталама нарықтағы тұрғын үй. Мұнда да ипотекалық бағдарлама арқылы жылдық 4%-бен сатып алу мүмкіндігі қарастырылады. Сондай-ақ тұрғын үй алаңы 40 шаршы метрден 78 шаршы метрге дейін болуы шарт. Тұрғын үй кілті мемлекет ас үй сөрелерімен, кір жуғыш машинасымен, пешпен қамтамасыз етілгеннен кейін тапсырылуы қажет және тұрғын үйлерге іргелес аумақ балалар алаңдарымен, автотұрақ орындарымен жабдықталуы тиіс.

Осы күні О. Березуцкая Қостанай облысында № 1 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының еңбек ұжымына,  А. Милютин Павлодарда «Қазақстан алюминийі» АҚ ұжымына сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Алматыда Н. Шоқанов пен Г. Танашева «Бақытты отбасы» орталығында көпбалалы аналарға үгіт-насихат жүргізді. Ақтөбе облысында Т. Төремұратов Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының ұжымымен кездесті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы